Жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін оңайтылған декларацияны таңдау туралы хабарлама беруі тиіс – МКК

Бүгін, 14:55 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық салудың оңайтылған режимін таңдау туралы хабарлама тапсыруы керек, әйтпесе олар автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген режимге ауыстырылады. Бұл туралы Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан барлық жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы тиіс. Мысалы, егер кәсіпкер қазір "оңайтылған режиммен" жұмыс істеп жатса, ол "мен оңайтылған режимде қаламын" деген мазмұнда хабарлама өткізуі қажет. 2026 жылғы 1 наурызға дейін оңайтылған декларацияны таңдау туралы хабарлама бермеген тұлғалар автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген режимге көшіріледі», - деді ол.

Сондай-ақ, жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер де оңайтылған режимге ауыса алады, ол үшін олар да 2026 жылғы 1 наурызға дейін тиісті хабарлама жіберуі керек.
 

Тэгтер:

салық жеке кәсіпкер ЖК