Ақтаудағы ұшақ апатында қайтыс болған стюардесса қыздың туыстары Қазақстанға келді (ФОТО)

Бүгін, 19:50 / Ахмет Қанатұлы
media.az

Әзербайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer ұшағында қаза тапқан экипаж мүшелерінің туыстары Ақтауға келді. Бұл сапар қайғылы оқиғаның 1 жыл толуына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Media.az жазуынша, Ақтауға келгендердің қатарында Әзербайжанның ұлттық қаһармандары Хокума Алиева, Игорь Кшнякин және Александр Кальяниновтың туыстары, сондай-ақ апат кезінде қаза тапқан бірнеше жолаушының отбасы мүшелері болды.

Айта кетейік, сапарды Қазақстандағы Әзербайжан елшілігі мен AZAL әуе компаниясы бірлесіп ұйымдастырған.

Хокума Алиеваның ағасы Джошгун Насибли өз сөзінде:

"Біздің жан жарамыз кінәлілер лайықты жазасын алған кезде ғана басылады. Сондай-ақ Қазақстанда тұратын отандастарымызға көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдіремін", – деді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясына тиесілі Embraer ұшағы апатқа ұшырады. Баку – Грозный бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі шұғыл қонуға әрекет жасау кезінде құлаған.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ бортында 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Олардың ішінде 42 Әзербайжан азаматы, 16 Ресей азаматы, 6 Қазақстан азаматы және 3 Қырғызстан азаматы болған.

Тэгтер:

ақтау ұшақ апаты Әзербайжан Баку грозный