Күтпеген жаңалық: Қалың елге танымал тележүргізушіні пиццамен өлтірмекші болған

23 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Белгілі тележүргізуші Владимир Соловьевке жасалмақ болған қастандықта күдіктілер оны пицца арқылы улауды жоспарлаған. 26 қараша күні Батыс 2-ші округтік әскери сот бұл резонансты істі қарауды жалғастырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Газета.Ru жазуынша, сот отырысы барысында айыпталушылардың бірі Андрей Пронскийдің пәтерінде жасалған аудиожазба тыңдатылды. Онда ер адам сыбайластарымен бірге мынадай әрекеттерді жоспарлағанын егжей-тегжейлі баяндайды:

Алайда көлікке у жағу тәсілі сенімсіз деп танылып, айыпталушылар одан да радикалды әдіске – журналистің көлігін қолдан жасалған жарылғыш құрылғы арқылы жарып жіберуге басымдық берген.

Андрей Пронский тергеу кезінде аудиожазбаның қолдан жасалғанын, оның шынайы оқиғаларға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал екінші айыпталушы Владимир Беляков тележүргізушіге деген саяси өшпенділігін мойындады. Ол Соловьевтің көлігін өртемек болғанын айтқанымен, өзін журналисті өлтіруді жоспарламадым деп ақтаған.

Тэгтер:

тележүргізуші Владимир Соловьев пицца Владимир Беляков