23 желтоқсан күні таңертең Таскескен ауылының маңында Үржар бағытына бет алған жолаушылар автобусы жолдың 681-шақырымында КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Үш зардап шеккен адам Таскескен ауруханасына жүгінген, алайда тексеруден кейін үйлеріне жіберілген.
Абай облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды, сондай-ақ көлікті тек толық демалғаннан кейін басқаруды ескертеді.