Ақтауда бір топ жасөспірім мектеп оқушысын зорлаған

Бүгін, 12:02 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Бұл ауыр қылмыс туралы «НеМолчиkz» қоры хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында болған: 13 жасар қызды сабақтан кейін құрылыс алаңына күштеп апарып, сол жерде оны бір топ жасөспірім зорлаған. Бұдан бөлек, жасөспірімдер зардап шегушінің қолына «лесбуха» деген сөзді ойып жазған, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қызды бір топ адам болып, асқан қатыгездікпен зорлаған, жыныс мүшелеріне темекі тығып, ішінен секіріп, соққыға жыққан. Болып жатқан жағдайдың бәрін олар телефонға түсіріп алған», — делінген хабарламада.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, ол полицияға арызды 2024 жылдың қыркүйегінде-ақ берген. Алайда, оның сөзінше, тергеу жұмыстары созылып жатыр, ал күдіктілер әлі күнге дейін бостандықта жүр.

Оқиғадан кейін қыз бала ауыр психологиялық күйзеліске түсіп, мектепке баруды тоқтатқан және қазіргі уақытта дәрі-дәрмекпен емделуде.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл факт бойынша «Зорлау» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
 

Тэгтер:

заң ақтау тергеу зорлық