Елге белгілі журналист, диссидент Қасен Қожахмет "Qazaq AIRAN" YouTube арнасына берген сұқбатында бұрын-соңды ел естімеген деректі айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Хасен Қожахмет бұл сұқбатында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дінмұхамед Қонаевты өткір сынады.
"Бейнесі – орыстың құлы ғой. Қонаев не, Назарбаев не, бәрі орыстың құлы. Солар тағайындаған адам. 1947 жылы Сталиннің кезінде жазылған заңда айтылған: "Одақтас дейтін республикаларға өз басымен саясат жасай алмайтын, тек біздің айтқанымызды ғана ләппай деп орындайтын адамдарды қою керек", – делінген. Сондай адамдар ғой. Мәскеуге қайтсем жағамын деп жердің бәрін астаң-кестеңін шығарып, Қонаев Мәскеуге бәленбай миллиард астық беремін, бәленбай қой беремін деп, қазақ жастарына аттестатын бермей, 3 жылға қой баққызып қойған. Назарбаев та соның жолын жалғастырды. Назарбаев – нағыз алаяқ. Мен бірден көргенде айтқам: "Желтоқсанда бізге әңгір таяқ ойнатқан басшыларды кетіріңіз" дегем. "Жігіттер, 3 ай мұрсат беріңдер" деген еді. 6 ай өтіп кетті.