Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионы болды.

21 қыркүйек, 2019 / Arasha.kz

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Бекзат Нұрдәулетов 81 кг салмақта өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовті 5:0 есебімен жеңіп әлем чемпионы атанды.