Осы жылдың 5 қыркүйегінде Алматыда ер адам таныс әйел мен оның алты жасар қызын шойын қазанмен ұрып өлтірген. Қайтыс болған әйелдің анасы да ауыр жарақат алған, бірақ ол аман қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, таныстар арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Ұрыс кезінде ашуға булыққан ер адам қазанды қару ретінде қолданып, әйелді баласы мен анасының көзінше аяусыз соққыға жыққан, содан кейін оларға да шабуыл жасаған.
Баланың айқайын естіген көрші әйел не болып жатқанын білу үшін пәтер есігін қаққан. Қылмыскер оның маңдайынан қазанмен ұрып жіберген, соның салдарынан көршісі есінен танып қалған.
Кісі өлтіргеннен кейін ер адам қанға боялған қазанды үйлердің бірінің қақпасына жасырып қойған. Сотта ол өз кінәсін толықтай жоққа шығарды, алайда сараптама қазаннан оның саусақ іздерін тапты. Пәтерде бөтен адамдардың болғаны туралы ешқандай із анықталмаған.
Сот әйел мен оның алты жасар қызын өлтіргені үшін ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұған дейін де ол кісі өлтіргені үшін жазасын өтеген, бірақ мерзімінен бұрын босатылған екен.