Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа "Таптым-ау сені 3" фильміне қатысты әзіл-қалжыңға толы жазба жариялап, жұрт назарын тағы да өзіне аударды. Ол бұл жолы да киноның ауылда түсірілгенін жасырмай, көрерменнен қалжыңмен кешірім сұраған, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Тағы да ауылда кино түсірдік! Не дейін енді? Өздеріңіз айтыңыздаршы?! Бізде бәрі шынайы. Көрермен «Таптым-ау сені 3» түсірілді. Бұйыртса, 26 наурызда шығады", – деп жазды актриса.
Сонымен қатар DBO production командасымен бірге түсірілген әзіл видеода Дариға Бадықова:
"Тағы да бір ауылда 5 актермен, 2 локацияда кино түсіріп, миллиард жинауға ниеттенгеніміз үшін кешірім сұраймыз", – деп қалжыңдады.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова продюсерлік еткен "Таптым-ау сені" мен "Ыстық ұя" фильмдері қазақ киносы тарихындағы ең көп касса жинаған туындылардың қатарынан көрінген болатын.