Мектеп директорлары енді 10 жылдан артық қызметте отыра алмайды

Бүгін, 14:10 / Ахмет Қанатұлы
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев елдегі мектеп директорларының бір білім ордасында қызмет ету мерзіміне шектеу қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

ОКҚ алаңында журналистердің сұрағына жауап берген комитет басшысы бұдан былай мектеп директорлары бір орында 10 жылдан артық жұмыс істей алмайтынын айтты. Оның сөзінше, қазір ротация тәртібі арнайы ережемен бекітілген және ол бір елді мекен шегінде ғана жүзеге асырылады.

"Бізде ротация тәртібі арнайы ережемен бекітілген. Соған сәйкес ротация бір елді мекеннің шегінде ғана жүзеге асырылады. 10 жылдан астам басшылық қызметте отырған мектеп басшылары бар. Алдағы уақытта ротациялау ережесіне біз өзгеріс енгізіп жатырмыз. Соған сәйкес, болашақта мектеп басшылары 5 жылдан екі рет, яғни толыққанды 10 жыл бір мектепте директор бола алады. Содан кейін ол ары қарай мектеп басқаруға жатпайды", – дейді Қаныбек Жұмашев.

Тэгтер:

білім мектеп директоры