"Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым": Мөлдір Мұқан ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 15:08 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Медиа кеңістікте танымал Мөлдір Мұқан «Тек қана қыздар» подкастына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшілікке беймәлім жайттармен бөлісті. Ол ауқатты, әулетті отбасында өссе де, махаббат үшін материалдық жағдайы болмаған жігітке тұрмысқа шыққанын жасырмады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мөлдірдің айтуынша, бала кезінен баршылықты көріп өскен: үйінде бірнеше теледидар болған, ауылдағы алғашқы түрлі түсті теледидар мен жұмсақ диван да олардың шаңырағында тұрған. Соған қарамастан, өмірлік серік таңдауда басты өлшем байлық емес, сезім болғанын айтады.

"Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Сол себепті бәрін нөлден бастадық", – деді ол.

Сондай-ақ ол ата-анасынан ерте айырылып, өмірдің талай ауыр кезеңдерінен өткенін жеткізді. 

Бұл әңгіме желіде қызу талқыланды. Бірі Мөлдірдің ашықтығын және жеке таңдауын түсіністікпен қабылдаса, енді бірі бұрынғы жұбайына қатысты сөздерді орынсыз деп сынады. Пікірлер арасында әрі сын, әрі қолдау қатар жүрді.

Тэгтер:

әлеуметтік желі Мөлдір Мұқан