Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған бортсерік қыз 1 жылдан кейін күтпеген әрекетке барды

Бүгін, 11:12 / Arasha.kz
Malim.kz коллажы

Ақтау маңында AZAL әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағанына бір жыл өткен соң, сол қайғылы оқиғадан тірі қалған бортсерік Айдан Рагимли қайтадан өз қызметіне оралды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазір Айдан Рагимли міндетін бұрынғыдай жоғары кәсіби деңгейде әрі үлкен жауапкершілікпен атқарып жүр. Бұл туралы әуе компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған бейнероликте айтылған.

Бейнежазба сипаттамасында:

"Кейде сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, бірақ өмір жолы жалғаса береді. J2-8243 Баку-Грозный рейсі Айдан Рагимлидің өмірінде мәңгі сақталатын сәтке айналды. Бүгінде ол өткенді жүрегінде сақтай отырып, өмірдің алға жылжитынын түсініп, өз ісіне қайта кірісті", – делінген.

Еске сала кетейік, апат 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласы маңында болған. Баку-Грозный бағытындағы рейсте 67 адам болған, олардың 38-і қаза тауып, 29 жолаушы мен экипаж мүшелері аман қалған еді.

Тэгтер:

ақтау Ұшақ ұшақ апаты Әзербайжан AZAL Баку-Грозный Айдан Рагимли