Ресей СІМ-нің бұрынғы қызметкері АҚШ-қа құпия мәлімет бергені үшін 12 жылға сотталды

Бүгін, 12:06 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Ресей Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері, 38 жастағы Арсений Коновалов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оны 2024 жылғы 28 наурызда ФҚҚ (ФСБ) ұстаған болатын, деп хабарлайды Arasha.kz.

Коновалов 2014-2017 жылдар аралығында АҚШ-та, Хьюстондағы Ресей Бас консулдығының екінші хатшысы қызметін атқарған. ФҚҚ мәліметінше, осы кезеңде оны Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) өз қатарына тартып, ол американдық барлау қызметінің мүддесі үшін жұмыс істеген.

Арнайы қызметтің тұжырымдауынша, Коновалов АҚШ-тағы іссапары кезінде ақша үшін американдық барлауға құпия мәліметтерді беріп отырған. Айта кетерлігі, бұған дейін дипломаттың ұсталғаны және оған қатысты сот процесі жүріп жатқаны туралы хабарланбаған еді.
 

Тэгтер:

сот ресей СІМ Арсений Коновалов ЦРУ