Әлеуметтік желілерде ұшақ ішінде екі жолаушының жанжалдасып, төбелеске ұласқан сәті түсірілген видео лезде тарап, бірнеше сағатта-ақ жүздеген мың қаралым жинады, деп хабарлайды Arasha.kz.
The Sun мәліметінше, оқиға Нигериядағы Асаба әуежайынан ұшуы тиіс United Nigeria Airlines компаниясының UN0523 рейсінде болған.
Бейнежазбада салонның ортасында екі адамның бір-біріне жұдырық ала жүгіргені анық көрінеді. Желі қолданушылары олардың танымал инфлюенсер Matins Otse (VDM – Very Dark Man) мен комик Freedom Atsepoyi екенін жазуда.
Экипаж жанжалға жедел араласып, екі жолаушыны да борттан түсіріп, әуежайдың қауіпсіздік қызметіне тапсырған. Осыдан кейін рейс жоспарға сай ұшып кеткен.