Оқиға орнынан түсірілген кадрларды әлеуметтік желілерде куәгерлер жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал №107 бағыттағы автобуста болған. Тұрмыстық жағдайдан басталған келіспеушілікке салондағы жолаушылардың бірі терезені желдету үшін ашпақ болған. Бұл әрекет екінші жолаушының наразылығын тудырып, сөзге келіп арты төбелеске ұласқан. Қақтығыс кезінде ер адамдардың бірі пышақ алып шығып, салдарынан 18 жастағы жігіттің аяғына жарақаттаған.
Жәбірленушіден қатты қан кеткен. Автобус жүргізушісі көлікті тоқтатып, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер келгенге дейін жолаушылар қолдан келген құралдармен жараны таңып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.