Путин Кремльде Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

28 желтоқсан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Ресей президенті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді. Бұл туралы Кремль мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

РФ президентінің баспасөз қызметі жариялаған кадрларда Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев ақ гүлдермен безендірілген дөңгелек үстел басында отырғаны көрінеді.

Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевты соңғы рет осы жылдың мамыр айында қабылдаған.

Еске салайық, қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге екі күндік мемлекеттік сапармен барған болатын. Кремльде сондай-ақ бейресми кездесу өтті.        
 

Тэгтер:

Путин назарбаев Кремль