4 шілде күні Алматы облысының Көкөзек ауылында Lexus RX 300 көлігінің жүргізушісі артқа шегінген кезде алты жастағы велосипед мінген баланы қағып кеткен.
Апаттан кейін жүргізуші ешқандай көмек көрсетпестен оқиға орнынан ізін суытқан. Жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша жол-көлік оқиғасы мен оқиға орнын тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, алдын ала тергеу басталды.
6 шілде күні күдікті ретінде 42 жастағы ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицияның мәліметінше, ұсталған азамат бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен, алайда теріс себептермен жұмыстан шығарылған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.