Тұман, жаңбыр — 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 08:12 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, дүйсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұман болады. Оңтүстік пен батыста жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста қар, бұрқасын күтіледі, аяз әлсірейді. Елдің солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Жалпы республика бойынша жолдарда көктайғақ болып, жел күшейеді. Барлық өңірлерде дауылды ескерту жарияланды.

▪️ Астанада — бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде −13–15 °C, күндіз −1–3 °C.

▪️ Алматыда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, түнде 0–2 °C, күндіз +5–7 °C.

▪️ Шымкентте — бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +3–5 °C, күндіз +13–15 °C.

Тэгтер:

қар ауа райы тұман жаңбыр жел