Атырау іргесіндегі ауылда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Бүгін, 10:10 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Атырау қаласының маңындағы Томарлы ауылында қайғылы жағдай орын алды. Бір үйдің үш тұрғыны табиғи газдан уланып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Төтенше жағдай 28 желтоқсан күні сағат 13:40 шамасында Томарлы ауылындағы жеке үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға газбен жылытылатын пеште тарту күшінің болмауы себеп болған.

Үй ішінде үш адам болған:

1958 жылы туған ерлі-зайыптылар;

1953 жылы туған ер адам.

Үшеуі де жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында жан тапсырған. Шақырту бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Газ пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Мұржаның тазалығын және ауа тарту күшін үнемі тексеріп тұру — сіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтап қалудың бірден-бір жолы.
 

Тэгтер:

атырау қаза газ улану