Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген қазақ киносының белгілі өкілі, "Менің атым Қожа" фильмінде басты рөлді сомдаған актер Нұрлан Сегізбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында марқұммен қоштасып, оның қазақ көрерменінің жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.
"Қош бол, Қожа. Балалық шағымыз үшін рахмет. Жаныңыз жәннатта болсын, Нұрлан аға", – деп жазды Димаш Құдайберген.
Әншінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында кең қолдау тауып, көпшілік марқұм актердің жарқын бейнесін еске алды.