Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты сұмдық хабар тарады

Бүгін, 11:03 / Arasha.kz
Anadolu Agency/Contributor/Getty Images. Суретте: Алмазбек Атамбаев

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев барлық мемлекеттік марапаттарынан айырылды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ресми құжатта бұл шешім 2025 жылғы 3 маусымда Бішкектің Бірінші Май аудандық соты шығарған үкімді орындау мақсатында қабылданғаны көрсетілген. Сондай-ақ Қырғыз Республикасының "Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар және мемлекеттік сыйлықтар туралы" заңының 27-бабының 1, 2 және 4-бөліктеріне, сондай-ақ ел Конституциясының 71-бабына сүйенілген.

Жарлыққа сәйкес, Алмазбек Атамбаев келесі мемлекеттік марапаттарынан айырылды:

Сонымен қатар осы марапаттарды беру туралы бұрын қабылданған президенттік жарлықтардың күші жойылды. Атап айтқанда, 1999, 2007, 2011 және 2017 жылдары қабылданған бірқатар жарлықтар ресми түрде кері қайтарылды.

Тэгтер:

президент Қырғызстан Алмазбек Атамбаев