2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша Ресей азаматы Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Бүгін, 12:26 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Бас прокуратураның мәліметінше, ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, адамдарды ұрлап, олардың мүлкін иемденді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиғадан кейін ол 3 жылдан астам уақыт бойы тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде болған.

Қыркүйек айында күдікті Грузияда ұсталып, содан кейін Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында отыр. Оған мүлкін тәркілеумен бірге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
 

Тэгтер:

прокуратура Қаңтар оқиғасы тәртіпсіздік