Мұндай болжамды Жапонияның 2028 жылға қарай ядролық державаға айналу жоспары туралы мәлімдеген АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджердің пікірімен келіскен қытайлық ядролық энергетика саласындағы сарапшылар беріп отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
South China Morning Post басылымы еске салғандай, қараша айында Жапония премьер-министрі кеңсесінің қауіпсіздік жөніндегі жоғары лауазымды шенеунігі Такаичи Жапония айналасындағы шиеленісе түскен жағдайды ескере отырып, «елдің ядролық қаруы болуы керек» деп санайтынын мәлімдеген.
Ядролық энергетика саласындағы сарапшылар Жапония «ядролық латенттілік» (жасырын дайындық) күйінде екенін алға тартуда — бұл дегеніміз, қазіргі уақытта елдің иелігінде ядролық қару болмағанымен, жуық арада ол жауынгерлік дайындықтағы ядролық қару шығаруға мүмкіндік беретін шектен өтуі мүмкін.