Щучинск қаласында мектептердің бірінде қазандық жарылды

Бүгін, 15:06 / Қайсар Қалам
Сурет: ТЖД

Щучинск қаласындағы мектептердің бірінің аумағында қазандық жарылып, артынша өрт шықты. Оқиға туралы Ақмола облысы ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

ТЖД-ның нақтылауынша, Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында орта мектеп аумағында қазандық жарылып, кейін өрт тұтанған.

Құтқарушылар көлемі 10 текше метрден екі жанармай резервуарын аман сақтап қалып, оттың көрші нысандарға таралуына жол бермеген.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

щучинск мектеп қазандық