Абай облысындағы жол-көлік оқиғасында төрт баланың қаза табуына қатысты іс бойынша прокурор жүргізушіге 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрадыдеп хабарлайды Arasha.kz.
Қайғылы оқиға 2025 жылғы 19 тамызда Бестерек ауылында болған. Toyota көлігінің жүргізушісі жолдан шығып кетіп, көшеде тұрған балалар тобының үстіне шыққан. Екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы бір бала ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Қыркүйек айының соңында есін жимастан төртінші қыз бала да көз жұмды.
Сотта прокурор айыпталушының денсаулығында елеулі мәселелер бар екенін біле тұра рөлге отырғанын, сол арқылы айналасындағыларға қауіп төндіргенін мәлімдеді.
Ер адам кінәсін толық мойындады. Айыптау тарапы ең қатаң жаза тағайындауды және материалдық әрі моральдық шығынды өндіруді сұрап отыр.