Астанада жаңбыр жауып, халыққа қолайсыздық туғызды

Бүгін, 10:01 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Бүгін Астанада  жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдардың жүру бөлігі, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп жатыр, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтауға шақырады: көшеде қозғалған кезде, әсіресе жолдан өту барысында мұқият болу, таймайтын табаны бар аяқ киім кию және мүмкіндігінше алыс жолға шықпау ұсынылады.

Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет