Қазақстандық спортшылардың XXV қысқы Олимпиада ойындарына арналған киімдерінің эскизін бекітілді

Бүгін, 10:46 / Қайсар Қалам
Сурет: Спорт министрлігі

Қазақстандық спортшылардың XXV қысқы Олимпиада ойындарына арналған киім-кешектер жиынтығы 22 атауды қамтиды. Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz. 
 
Министр техникалық талаптарды, макеттерді және жеткізілетін спорттық киім-кешекті бақылауды үйлестіру мақсатында Ұлттық Олимпиада комитеті, ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ белгілі спортшылардың қатысуымен жұмыс комиссиясы құрылғанын атап өтті. Комиссия спорттық киім-кешектің эскизін бекітті, қазір ол Халықаралық Олимпиада комитетімен келісілуде. 

Киім-кешек жиынтығына спортшылардың ашылу және жабылу салтанатына қатысуға арналған киім формасы, сондай-ақ спорттық іс-шара кезінде пайдалануға арналған жылы сырт киім кіреді. 

Сондай-ақ спорттық жаттығуларға, дене қыздыруға және күнделікті қолдану үшін спортшыларға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді. 

«Жалпы, спорттық киім-кешектер жиынтығы 22 атауды қамтиды. Форма бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды», — деді Ербол Мырзабосынов.