Қарыров ұлы Адам Қадыровты марапаттады

Бүгін, 13:00 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Адам Қадыровқа тағы бір марапат — «Ахмат-Хаджи Қадыровты еске алу» медалі табысталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Отанның қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін» берілген награданы ұлына Рамзан Қадыровтың өзі тапсырды.

18 жасқа толуына орай Адамның марапаттар қоржынында он бестен астам медаль мен атақ бар. Олардың қатарында «Шешен Республикасының Батыры», «Жас батыр» және «Ресейдің еңбек даңқы» атақтары бар.

БАҚ атап өткендей, марапаттардың жаппай берілуі  Құранды өртегені үшін сотталған Никита Журавельке қатысты резонансты оқиғадан кейін басталған.
 

Тэгтер:

марапат шешенстан Адам Қадыров