«Астана» футбол клубы жеке меншікке беріледі

Бүгін, 14:02 / Қайсар Қалам
Сурет: Астана ФК

Қазақстанның «Астана» футбол клубы жеке меншікке өтеді, қазірдің өзінде инвестор табылды. Бұл туралы Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Астана – өзіндік тарихы бар клубымыз. Белгілі бір белестерді бағындырып үлгерді. Осы уақытқа дейін ол үнемі "Sport Qory" бірыңғай операторынан қаржыландырылып келді. Бірақ биыл біз бұл клубты да коммерцияландыруды жоспарлап отырмыз, өйткені клубтың халықаралық деңгейде танымалдылығы бар.  Біз белсенді жұмыс істеп жатырмыз, инвестор бар. Тек қазіргі уақытта рәсімдер аяқталғанға дейін оның атын атай алмаймын, бірақ инвестор табылды», — деді Мырзабосынов сейсенбі күні үкіметте өткен брифингте.

Министр бүгінгі таңда қазақстандық бес футбол клубының коммерцияландырылғанын, қалған жеті клуб бойынша жұмыс жүріп жатқанын еске салды.

«Біз клубтарды қамтамасыз ете алатын тұлғаларды іздестіріп жатырмыз», — деп толықтырды спорт министрлігінің басшысы.

Тэгтер:

министр Астана ФК жеке меншік