Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің DQ Team командасы Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы "1001 түн" бағдарламасына қонақ болды, деп хабарлайды Sn.kz.
Бағдарлама барысында команданың бек-вокалисі Расул Усманов Димаштың өз тойына келетінін мүлде күтпегенін айтып, қызықты оқиғамен бөлісті.
Оның айтуынша, командаға қосылғаннан кейін шамамен алты ай өткен соң, Димаш Құдайбергенмен жеке өмірі жайлы әңгіме өрбіген.
"Мен жазда үйленетінімді айттым. Сонда Димаш "тойыңа барамын" деді. Ол сөзге аса мән бермедім. Алайда жазда ұзату тойы өтіп жатқан күні Димаш хабарласып, мекенжайды сұрады. Сол сәтке дейін сенбедім. Бірақ ол шынымен келді", – деді Расул Усманов.