Украина президенті Владимир Зеленский Киев АҚШ ұсынған қауіпсіздік кепілдіктері аясында Дональд Трамппен Украина аумағында Америка әскерінің болу мүмкіндігін талқылағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Әрине, біз мұны Президент Трамппен де коалиция өкілдерімен де талқылап жатырмыз, біз мұны қалаймыз. Бұл қауіпсіздік кепілдіктеріндегі өте күшті позиция болар еді», — деп келтіреді Зеленскийдің сөзін «Украинская правда».
Сондай-ақ, Зеленский журналистермен онлайн сұхбат кезінде Киевтің соғысты тоқтату туралы келіссөздерді жалғастыруға ниетті екенін айтып, Ресей президенті Владимир Путинмен кез келген форматта кездесуге дайын екенін жеткізді.