Финляндияда қазақстандық теңізшілер бар кеме ұсталды

2 қаңтар, 2026 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Сәрсенбі күні Финляндия полициясы Ресейден келе жатқан кемені Хельсинкиден Эстонияға Фин шығанағы арқылы тартылған су асты телекоммуникация кабелін зақымдады деген күдікпен ұстады. Онда Ресей, Грузия, Әзербайжан және Қазақстан азаматтары бар экипаждың 14 мүшесі қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция «мән-жайлар кезінде телекоммуникация жүйелерінің жұмысын бұзу» және диверсияға әрекет жасау» фактілері бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі кезеңде полиция бұл оқиғаны аса ірі мөлшерде зиян келтіру, аса ірі мөлшерде қасақана зиян келтіруге оқталу және телекоммуникация жүйелерінің жұмысына кедергі келтіру ретінде зерттеп жатыр», — деп толықтырды полиция өкілдері.

Сәрсенбі күні таңертең финдік Elisa телекоммуникация операторы өзінің кабелінен ақау тауып, бұл туралы Финляндия билігіне хабарлаған.

Финляндияның жағалау күзеті хабарлағандай, билік зақымдалған аумаққа тікұшақ пен патрульдік кемені жіберген, олар күдікті кеменің теңізде зәкір (якорь) тастап, дрейфте тұрғанын анықтаған.

Шекарашылар кемеге тоқтауды, зәкірді көтеруді, сондай-ақ Финляндияның аумақтық суларына өтіп, сол жерге зәкір тастауды бұйырды.

Финляндияның жағалау күзеті кеменің атауы Fitburg екенін анықтады. Бұл — ұзындығы 132 метрлік жүк кемесі, ол Сент-Винсент және Гренадиндер туы астында Санкт-Петербургтен Израильдің Хайфа қаласына бара жатқан. Экипаждың барлық 14 мүшесі тұтқындалды.

Elisa өкілдері зақымдану «Elisa сервистерінің жұмысына ешқандай әсер етпегенін» және барлық сервистер басқа бағыттарға қайта бағытталғанын мәлімдеді.
 

Тэгтер:

кабель Финляндия кеме