06-02-20 | 17:14
Стамбулдағы ұшақ апатында Қазақстанның екі азаматы жарақат алды.
Стамбулдағы ұшақ апатында Қазақстанның екі азаматы жарақат алды

Екі қазақстандық азамат Стамбул әуежайына ұшақтың апатты жағдайда қонуынан жарақат алды деп хабарланды ҚР Сыртқы істер министрлігің Telegram-каналында.

“Түрік тарапының қазақстандық консулға берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан Республикасы азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханадан жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды” деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік, 5 ақпанда Стамбулдағы Сабих Гекчен халықаралық әуежайында Pegasus әуе компаниясының Boeing-737-800 ұшағы әуежайға қону кезінде ұшу жолағының сыртына шығып кетіп, әуе кемесі үшке бөлініп түскен. Апаттан үш адам қаза тауып, 179 кісі жарақат алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.