"Біз көп қиындықтарды бастан өткердік" – Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімов туралы (ВИДЕО)

4 қаңтар, 2026 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

2017 жылы қазақ өнерінің дара тұлғасы Асанәлі Әшімовке еліміздегі ең жоғары марапаттардың бірі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы табысталды. Осы айтулы оқиғаға орай тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі актермен жүздесіп, оны 80 жылдық мерейтойымен құттықтаған еді. Сол кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев өнер иесіне жүрекжарды тілегін айтып, мазмұнды да мәнді лебізін білдірген болатын, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айта кетейік, 21 желтоқсанда Қазақстан және КСРО Халық әртісі, "Отан", "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның Еңбек Ері" Асанәлі Әшімов өмірден өтті.

"Біз 40 жылдан астам уақыттан бері таныспыз. Содан бері, әсіресе ел тәуелсіздігі қалыптасқан күрделі жылдарда әрдайым қолдауыңызды сезініп келемін.

Сіз КСРО-ның, Қазақстанның халық әртісі ретінде ең жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталдыңыз. Кино әлеміндегі Асанәлі Әшімовтің есімін күллі Қазақстан мақтан тұтады. Сіз Қазақстандағы сан-салалы шығармашылық өнердің саңлағы атандыңыз. Сондықтан елге керек қадірлі тұлға болып отырсыз.

Жалпы, мен замандастарыма ризамын. Олардың арасында көптеген зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен жазушылар бар. Біз көп қиындықтарды бастан өткердік. Алдымызда халықты басқаша өмір сүруге үйрету міндеті тұрды. Көпшілігі бізді, елімізді қолдады. Солардың арасында Сіз алдыңғы қатарда тұрсыз", – деген еді сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев.

Тэгтер:

Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімов Қазақстанның Еңбек Ері