«Отбасы банк» клиенттері сервистердің жұмысындағы ақауларға жаппай шағым түсіріп жатыр. Көптеген пайдаланушылардың мобильді қосымшасы ашылмайды, сондай-ақ «Баспана маркет» платформасы жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Банк өкілдері техникалық жұмыстар жүріп жатқанын және оның жоспарланғандан ұзаққа созылып кеткенін түсіндірді. Қазіргі уақытта бөлімшелердегі операциялар, онлайн-платформалар, тіпті байланыс орталығы (контакт-центр) уақытша қолжетімсіз.
Банк басшылығы мамандардың сервистерді қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатқанын айтып, барлығын тез арада қалыпқа келтіруге уәде берді.