Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты тағы бір алаңдататын мәлімет пайда болды. Бұл жолы танымал экстрасенс Камран Самедов аталған жағдайға байланысты өз болжамын айтып, көпшілікті елең еткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі жазбасында экстрасенстің айтқандары үміттен гөрі үрей тудыратынын жеткізген. Оның сөзінше, Камран Самедовтің көргені мен болжағаны тым ауыр әрі қорқынышты болғандықтан, айтылған жайттың толық нұсқасы жұртшылыққа жарияланбаған.
"Экстрасенс жоғалған отбасыға қатысты жағымды ештеңе айтпады. Ақпараттың өзі тым үрейлі, оны ашық айтуға дәтім бармайды", – деп жазды журналист.
Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша ресми іздестіру мен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар тек тексерілген ақпарат қана ресми дереккөздер арқылы жарияланатынын мәлімдеді.