Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бұған дейін мәйіттері шаруашылық құрылысынан табылған ерлі-зайыптылар жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Марқұмдармен қоштасуға туған-туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналды.
Жерлеу рәсімі таңертең ауылдағы зиратта өтті. Қаралы жиын барысында қайғыға батқан жұрт көз жасына ерік берді.
Ауыл әкімдігінің мәліметінше, марқұмдарды жерлеу ісін ұйымдастыруды олардың жақын туыстары өз мойнына алған.