"Жын кірді деп ары-бері тасыды": Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты сұмдық деректер шықты

9 қаңтар, 2026 / Arasha.kz
smartnews.kz коллажы

Атырауда болған резонансты қылмысқа қатысты басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиевке байланысты тың деректер белгілі болды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің мәліметінше, күдіктінің жұбайы Ақбаян 30 жаста, бес баланың анасы. Ол кенже баласын өткен жылы дүниеге әкелген. Ақбаянның әпкесі Әсиләның айтуынша, жүктілікке дейін бірнеше рет операция жасатып, денсаулығы едәуір әлсіреген.

"Әпкесі Әсилә "Жүктілік алдында бірнеше рет операция жасап, денсаулығы әлсірегенін айтады. 5-шісін босанған соң мінезі күрт өзгеріп, послеродовой депрессияға түсті. Жүйкесі тозған, әбден шаршаған, бір нәрсе айтсаң мәңгіп басқа нәрсе ойлап тұрады. Жағдайы күннен күнге күрделенуде, бір сөзбен өзіне өзі ие емес. Күйеуі жын кірді деп оны әрлі-берлі тасып жүрді. Біздің әу баста іздемеген себебіміз де осы, баяғы емге кетті деп ойладық…" деп көзіне жас алды Әсилә апай. Өте қиын жағдай…" – деп жазды Гүлмира Әбіқай.