Атырау облысында қоғам назарын аудартқан резонансты оқиғаға қатысты тың деректер жария болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өңірге арнайы барған журналист Жанат Молдашова Instagram желісіндегі парақшасында бұрын көпшілікке белгісіз маңызды ақпаратпен бөлісті. Оның мәліметінше, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев ресми түрде ажырасқан және заңды некеде тұрмаған.
"Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев ажырасып кеткен. Заңды некеде жоқ. Ендігі сұрақ – ажырасқан ерлі-зайыпты, әрі әйелі (бұрынғы) 1-топ мүгедек, яғни психдиспансерде есепте тұрса, қалай шетелге шықты?" – деп жазды журналист.