Шерзат ісінде елге кеңінен танылған прокурорға қатысты қуанышты хабар тарады

10 қаңтар, 2026 / Ахмет Қанатұлы
Orda.kz коллажы. Суретте: Дана Сәрсенбай

Марқұм Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Дана Сәрсенбайға кезекті шен берілді. Оған әділет капитаны атағы тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қоғамға кеңінен танылған прокурор бұған дейін кәсіби шеберлігі, ұстанымының беріктігі мен сотта мемлекеттік айыптауды сапалы қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік айыптаушысы деп танылған болатын.

Кәсіби мереке қарсаңында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бұйрығына сәйкес, Дана Сәрсенбай "Үздік мемлекеттік айыптаушы" төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапат оның құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін, жауапкершілігі мен кәсібилігін жоғары бағалаудың айғағы ретінде аталып өтті.

Тэгтер:

прокурор Дана Сәрсенбай шен