Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл қызметке Нұржан Насанов тағайындалды.
Ол 2016 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. 2024 жылдан бері ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабының құрамында еңбек етіп келеді. Әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Тәшкенбай және тағы басқа боксшыларды тәрбиелеген.
Айта кетейік, бұған дейін ерлер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сәтжанов атқарған еді. Ол денсаулығына байланысты бұл лауазымнан кету туралы шешім қабылдады.