ҚМДБ-ға қарасты Халал даму ұйымының басшысы Айбек Асқарбекұлы кеңінен қолданылатын "Мезим" препаратының құрамында доңыздан алынған компонент бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.
Айбек Асқарбекұлының сөзінше, асқазанға салмақ түскен кезде көпшілік «Мезим» сияқты ферменттік дәрілерге жүгінеді. Алайда мұндай препараттардың кейбірінің құрамында доңыздың асқазанынан алынатын ферменттік сөл бар.
"Көп тамақ жеп, асқазан ауырғанда "Мезим" деген дәріні іздейміз. Осы тектес басқа да препараттар бар. Олардың құрамында доңыздың асқазанынан алынған сөл болады. Бұл асқазанның қорытылуын жылдамдатады. Дегенмен мұндай дәрілер адал талаптарына сай келмейді", – деді ол.