Боран, тұман және көктайғақ: Қазақстанның аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

Бүгін, 08:19 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

12 қаңтарға Қазақстанның облыстарында дауылды ескерту жарияланды — жауын-шашын, желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Астанада қар жауып, боран соғады және көктайғақ болады деп күтілуде. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматыда 12-14 қаңтар аралығында түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда.

Ақмола облысында түнде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады, күндіз облыстың шығыс бөлігінде де осындай ауа райы сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз шығыста кей уақытта 25 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей уақытта тұман болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында тұман түседі. Желдің жылдамдығы батыста және таулы аудандарда 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысында 12 қаңтарда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ болады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде де осындай жағдай қайталанады. Тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран мен көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз шығыста кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста және солтүстікте жауын-шашын, жаяу боран мен көктайғақ күтіледі. Тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, боран соғады. Күндіз жауын-шашын болып, облыстың шығысында қатты қар жаууы ықтимал. Желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Абай облысында түнде қар мен боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз батыста және солтүстікте көктайғақ болады. Тұман түсіп, күндіз батыста желдің жылдамдығы кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу боран мен көктайғақ болады деп болжануда.

Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында тұман болады.

Павлодар облысында түнде солтүстік пен батыста қар жауып, көктайғақ болады, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын мен боран күтіледі. Жел 15-20 м/с.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, боран соғады, күндіз шығыс пен оңтүстікте қар мен боран сақталады.
 

Тэгтер:

боран қар ауа райы аяз жел