Nickelodeon және Cartoon Network арналарына арналған анимациялық сериалдардың саундтректерін жазған әйгілі композитор Гай Мун 63 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Америкалық композитор "Дэнни-призрак", "Волшебные покровители", "Джонни Браво" сынды танымал мультсериалдардағы еңбегімен кеңінен танылды. Hollywood Reporter мәліметінше, ол 2026 жылғы 8 қаңтарда Калифорния штатында жол-көлік апаты салдарынан қаза болған. Қайғылы хабарды марқұмның отбасы мен ресми дереккөздер растады.
Мультсериалдардан бөлек, Гай Мун "Big Time Rush" жобасына, Netflix-тегі "Johnny Test" сериалының жаңартылған нұсқасына, сондай-ақ "Back at the Barnyard", "Cow and Chicken" және "The Grim Adventures of Billy & Mandy" туындыларына музыка жазған.
1990-2000 жылдары теледидар саласындағы ең танымал композиторлардың бірі болған Мун мультсериалдарға арналған фондық және экшн-музыкаларымен олардың айрықша атмосферасын қалыптастырды. Оның шығармалары әсіресе Nickelodeon мен Cartoon Network көрермендеріне жақсы таныс.
Әріптестері мен жанкүйерлерінің айтуынша, Гай Мунның әуендері тұтас бір буынның балалық шағының ажырамас бөлігіне айналып, әлі күнге дейін алғашқы ноталарынан-ақ танылады.