Қадыровтың денсаулығы күрт нашарлады: Кремль Шешенстанға жаңа басшы іздей бастады

12 қаңтар, 2026 / Ахмет Қанатұлы
REUTERS/ Evgenia Novozhenina / Pool

Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының (ГУР) мәліметінше, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың денсаулығы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Қадыровтың бүйрегі істен шыққан. Қазіргі уақытта ол Шешенстандағы өзіне тиесілі жеке ауруханада жатыр. Дереккөздердің айтуынша, оның жағдайына байланысты Қадыров әулетінің мүшелері, соның ішінде шетелде жүрген туыстары да жиналған.

Қадыровтың бүйрек ауруына ұшырағаны және туыстарының жиналғаны туралы "РБК-Украина" басылымы да өз дереккөздеріне сүйене отырып жазды.

Шешенстан басшысының денсаулығының нашарлауына байланысты Кремльде оның ықтимал мұрагерін іздеу үдерісі жандана түскен.

Қарастырылып жатқан үміткерлер қатарында:

Айта кетейік, жуырда Ахмат Қадыров Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін ол республикадағы спорт министрі қызметін атқарған.

Ал "Важные истории" басылымына сұхбат берген ФСБ-ның қазіргі қызметкерінің айтуынша, Ресей президенті әкімшілігінде "жаңа Қадыров" ретінде Апти Алаудинов қарастырылып отыр. Бұл мәліметті бұрын арнайы қызметтерде жұмыс істеген тағы бір дереккөз де растаған.

Өз кезегінде Рамзан Қадыровтың өзі мұрагер ретінде 18 жастағы ұлы Адам Қадыровты көргісі келетіні айтылуда. Ал ФСБ бұл лауазымға Қадыровтың жақын серігі Адам Делимхановты ұсынуы мүмкін деген ақпарат бар.

Тэгтер:

шешенстан Рамзан Қадыров басшы