"Менің көшемді ең соңынан тазалаңдар": ШҚО әкімінің сөзі арзан пиар ма, дұрыс ұстаным ба?

Бүгін, 15:19 / Arasha.kz
видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласын қардан тазалау жұмыстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышовқа тазалық жұмыстары жөнінде өз ойын білдірген болатын.

"Алдымен облыстық әкімдік пен қалалық әкімдік алдындағы көшелерді тазалау қажет. Тек содан кейін ғана әкімдіктерге назар аударыңыздар. Ал мен тұратын көшені ең соңында тазалаңыздар", – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Ал осы видеоны өз парақшасында жариялаған журналист Жарас Ниязбек:

"Әртіс қой мыналар! Осыны видеоға түсіріп, бүкіл елге таратып, арзан абырой жинап не керегі бар? Сөйлеп тұрған ШҚО әкімі, тыңдап тұрған – Өскемен қаласының әкімі", – деп жазды Жарас Ниязбек.

Ал осы видеоға пікір қалдырған Facebook қолданушыларының бірі әкімді қолдаса, екіншісі мұны "арзан пиар" деп бағаладаы

"Өз көшемді өзім тазалап алам дей салатын адам ғой", "Негізі дұрыс айтып тұр", "Бұлай орысша қиналғанша, қазақша сөйлей берсе де болады ғой", "Ешқандай әбестік көріп тұрғам жоқ. Күнделікті мың шаруаның бір көрінісі ғана", – деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

әкім Нұрымбет Сақтағанов қар тазалау