Астанада Lexus пен автобус соқтығысты

Бүгін, 16:40 / Қайсар Қалам
Сурет: Telegram-канал Astanovka98

Елордада Lexus автокөлігі мен бағыттық автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Arasha.kz қалалық Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Lexus автокөлігі Республика даңғылымен келе жатып, Иманов көшесіне солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан бағыттық автобусқа жол бермеген, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болды. Соққы нәтижесінде автобус жол белгісіне соғылып, ұшып кеткен белгі дүкеннің витринасын зақымдады. Ал Lexus автокөлігі инерциямен Республика даңғылына қосалқы жолдан шығып келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігіне барып соғылды», — делінген дүйсенбіде таралған хабарламада.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ екені атап өтілді. Оқиға орнында полиция жасағы жұмыс істеп жатыр, тексеру амалдары жүргізілуде.
 

Тэгтер:

Астана полиция автобус жол апаты