13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 08:16 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Астана және Қазақстанның 16 облысында 13 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

13 қаңтарда түнде және күндіз Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Семейде 13 қаңтарда түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз сынап бағаны 20-25 градус суықты, 14-15 қаңтарда түнде 30-35 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 38 градус аязды көрсетіп, одан әрі төмендейтіні де жоққа шығарылмайды. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Петропавлда 13 қаңтарда ауа температурасы түнде және күндіз 22-24 градус аяз, 14-15 қаңтарда түнде 33-35 градус аяз болады деп болжанады.  

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Атырауда 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 13 қаңтарда түнде және таңертең аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында  солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 13 қаңтарда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күннің соңына қарай облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда 13 қаңтарда тұман болатыны болжанады. 

Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде 13 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 13 қаңтарда тұман болатыны болжанады.

Астанадаға аспан бұлтты, түннің бірінші жартысында аздап қар жауады. Кейде тұман, жолдарда көктайғақ болады. Түнде соққан желдің екпіні секундына 14 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде және күндіз:-14...-16°С.

Шымкентте аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Соққан желдің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +12...+14°С.

Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ақырын жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +6...+8°С.

Тэгтер:

боран ауа райы аяз жел бұлтты