Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Бүгін, 12:50 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Шымкент қаласының полициясы жас қызды өлтірді деген күдікті Шерхан Аймаханды ұстағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Іздеу кезінде қала полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қалаға кіретін және шығатын жолдарға бақылау күшейтілді, аймақ тексерілді. Күдікті қаладан 10 километр жерде ашық жерде табылды. Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ДП баспасөз қызметі. 

11 қаңтар күні кешке Толеметова көшесіндегі тұрғын ауданында болған қайғылы оқиға шымкенттіктерді үрейлендірді. Қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбай студент болған, отбасының кенжесі, ата-анасымен бірге тұрған. Күдіктінің оған қызығушылық танытқаны айтылып жүр. Ол қызды қинап, бірнеше терең пышақ жарақатын салып өлтірген. Қызын жоғалтқан отбасы оны туған Төрткүл ауылында жерледі. Полицияның хабарлауынша, күдікті мен құрбан бұрыннан таныс болған. Қылмыс мотивтері мен жағдайлары тергеу барысында анықталатын болады.