Трамп америкалықтар мен АҚШ одақтастарын Ираннан кетуге шақырды

Бүгін, 08:34 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Иран аумағында жүрген АҚШ азаматтары мен одақтастары бұл елден дереу кетуі тиіс.

CNN телеарнасының хабарлауынша, бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Детройт қаласында Ford компаниясының автозауытында болған кезде мәлімдеген.

«Менің ойымша, Ираннан кету – жаман идея емес», – деді ол америкалық азаматтардың Ираннан кету қажеттілігі жөніндегі сұраққа жауап бере отырып.

Журналистер Truth Social желісінде жазған «Көмек жолда» деген сөзіне қатысты нені меңзегенін сұрағанда, АҚШ президенті: «Кешіріңіздер, мұны өздеріңіз анықтауларыңызға тура келеді», – деп жауап берді.

Желтоқсан айының соңында ислам республикасында терең экономикалық дағдарыс аясында жаппай наразылық акциялары басталып, олар әлі күнге дейін басылған жоқ. Бұған дейін Трамп елдегі демонстрациялар аясында АҚШ-тың Иранға соққы беруі мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.
 

Тэгтер:

наразылық Иран саясат Трамп